Йемендік молекулярлық биотехнолог Хашем әл-Гайли әйелдің құрсағына ұқсас мөлдір жасанды құрсақтары бар адам пайда болатын ферманың концепті видеосын ұсынды.
Бейнеролик «Бедеу жұптарға бала көтеруге мүмкіндік беретін» EctoLife жарнамасы ретінде көрсетіледі. Компания YouTube-те бала өсетін құрылғының прототипін көрсететін бейнетүсірілім жасаған. Жасанды құрсақта жылына 30 000-ға дейін сәбиді өсіре алатын мекеме туудың төмен көрсеткішін шеше алады, делінген бейнероликте.
Бұл жазбада EctoLife жасанды жатыр кешенінде жүздеген ұрық оттегі мен қоректік заттармен қамтамасыз етілетін кіндік бауы бар мөлдір, температураны басқаратын капсулаларда жатады.
Ғалымның айтуынша, мұндай технологиялар жатырын алып тастаған әйелдердің босануына, мерзімінен бұрын босану санын азайтып, халықтың азаюымен күресуге мүмкіндік береді. Бұл процесс ата-аналарға өміршең және генетикалық жағынан жоғары эмбрионды таңдауға мүмкіндік беретін in vitro ұрықтандыруды қолданатыны айтылады.
Кейбір ғалымдар бұл технологияның адамзат үшін еш пайдасыз екенін алға тартады. Себебі, әлдебіреулер оны өз мүддесі үшін пайдалануы мүмкін деп қауіптенеді.
https://www.dailymail.co.uk/sciencetech/article-11529371/Could-BIRTHING-PODS-solve-Elon-Musks-fears-population-collapse.html