Қазақстан ғылымы

Білім және ғылым саласындағы стратегиялық серіктестік

11.04.2022

1966

ҚР Білім және ғылым вице-министрлігінің бір топ қызметкерлері осы саланы дамыту мақсатында көрші мемлекет – Өзбекстан Республикасында болып қайтты. Делегацияны Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев басқарды. Осы іс-сапар жайында вице-министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Білім және ғылым саласында стратегиялық серіктестікті жолға қою мақсатында 7-8 сәуірде қазақстандық делегацияны басқарып, ресми іс-сапармен Өзбекстан Республикасына барып қайттым.

✅️ Іс-сапардың бағдарламасы аясында белді отандық оқу орындары (әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, М. Әуезов атындағы ОҚУ, А. Ясауи атындағы ХҚТУ) өкілдерімен бірлесіп, Өзбекстанның инновациялық даму министрі Иброхим Абдурахмоновпен, жоғары және арнайы орта білім министрінің бірінші орынбасары Комилжон Каримовпен бірқатар іскерлік кездесулер өткізіп; Орталық Азия кеңістігінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру міндеттерін бірлесіп іске асыру мүмкіндіктерін, ҚР мен Өзбекстанның білім және ғылым саласындағы стратегиялық әріптестіктің әлеуетін, сондай-ақ Өзбекстан аумағында қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу мүмкіндіктері бойынша келіссөз жүргіздік.

✅️Сондай-ақ, бірқатар жетекші мемлекеттік жоғары оқу орындарын аралап, атап айтқанда: Мирзо Ұлықбек Ұлттық университеті, Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті, Ташкент мемлекеттік заң университетінің басшыларымен гуманитарлық ғылым саласындағы ғалымдардың коллаборациясы, білім беру бағдарламаларының интеграциясы, қос дипломның бірлескен бағдарламаларын дамыту, білім алушылар мен ПОҚ академиялық ұтқырлығын нығайту, бірлескен орталықтар, ҒЗИ, зертханалар ашу бойынша ұсыныстарды талқыладық.

✅️Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің ғылым және техника министрліктері мен ведомстволары басшыларының 6-шы Кеңесі іскерлік сапарымыздың аясындағы ең негізгі іс-шарасы болды.

✅️Біздің министрліктің атынан шетелдік әріптестерге баяндама жасап, Ұйымның ғылым саласындағы қызметі екі мемлекет арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамуға қосатын зор ықпалын атап өттім.
Баяндама барысында қатысушыларға қазіргі сындарлы уақытта әлем ғалымдарының бірлесіп еңбек етуінің маңыздылығына тоқталып, Қазақстанның ғылыми-техникалық саясатты дамыту мен іске асырудағы тәжірибесімен, атап айтқанда Covid-19-ға қарсы QazVac вакцинасын әзірлеудегі ғылым саласындағы маңызды жетістіктері туралы бөлістім.

Баяндамамдағы маңызды бағыттар:
1. Қазіргі уақытта Қазақстан ғылымын дамытудың 10 басымдығы айқындалды:
- су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология;
- геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
- энергетика және машина жасау;
- ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
- жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
- өмір және денсаулық туралы ғылым;
- Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
- агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі;
- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс.

2. "Цифрландыру, ғылым және инновациялар мен ғылым есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасын іске асыру жоспарының маңызы зор. Оның басты мақсаты - ғалымдар мен зерттеушілер санын бір жарым есеге ұлғайту; ҒЗИ сапасын арттыру; ҒЗИ жабдықтарын жаңартуды қамтамасыз ету; жоғары индекстелетін халықаралық ғылыми журналдарда қазақстандық ғалымдардың жарияланымдарын, сондай-ақ Scіmаgo рейтингінде қазақстандық ҒЗИ мен ЖОО-лардың санын 2500-ге дейін ұлғайту.

3. Ұлттық деңгейдегі қолданбалы мәселелелерді шешу үшін қазақстандық ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін арттыруға бағытталған ҚР ғылымын дамытудың 2026 жылға дейінгі Тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдамадағы басты KPI - 2026 жылға қарай: жас зерттеушілердің үлесін 50%-ға дейін ұлғайту; "ғылыми-зерттеу институттарының сапасы" көрсеткіші бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингінде 65-орын; ұлттық өтінім берушілерден патенттік белсенділіктің 2020 жылға қарағанда 30% - ға өсуі күтіледі; "Инновациялық әлеует"факторы бойынша ДЭФ ЖБИ рейтингінде 70-орын.

4. 2020 жылдан бастап Халықаралық коллаборацияға арналған гранттар іске асырылуда, олар шетелдік ғалымдармен және ғылыми ұжымдармен бірлесіп ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл гранттар қаржыландыру көлемі бойынша ең үлкен болып табылады (70 млн.теңгеге дейін). ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғалымдарын осы бағыт бойынша ынтымақтастыққа шақырдым.

5. 2021 жылдан бастап Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы 2020 жылғы 28 мамырдағы келісім негізінде құрылған ЮНЕСКО қамқорлығымен 2 – санаттағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы жұмыс істей бастады. Орталық гляциология, Орталық Азиядағы мұздықтардың, қардың және мәңгі тоңның жай-күйі мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіреді. Орталықтың қызметіне қазірдің өзінде Өзбекстан мен Ресейдің ғалымдары қатысуда. ШЫҰ-ға мүше басқа мемлекеттердің ғалымдары орталықтың жұмысына қосылатынына сенім білдірдім.

6. Қазіргі уақытта Түркі Академиясын орналастыру шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау процесі аяқталуда. Түркі Академиясының Штаб-пәтері Нұр-сұлтан қаласында орналасқан. Түркі академиясының мақсаты - түркі тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін сақтауға, дамытуға және дәріптеуге бағытталған түркология саласындағы зерттеулерді үйлестіру және оларға жәрдемдесу. Сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерден түркітанушы ғалымдарды ынтымақтастыққа шақырдым.

7. Тәжірибе алмасу және академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында біздің жоғары оқу орындарымыз Орталық Азия елдерінде өз филиалдарын ашуды жоспарлап отыр. Мысалы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазір Қырғызстанда филиал құру бойынша жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ, ҚазҰУ, ЕҰУ және М.Әуезов атындағы ОҚУ Өзбекстанда өз филиалдарын ашуды жоспарлап отыр, осыған орай өзбек әріптестерден қолдау көрсетуді сұрадым.

✅️Қазіргі күрделі заман алдымызға ауқымды және терең ғылыми мәселелерді қойып отыр, оларды тек ғана бірлескен күш-жігермен шешуге болады. ШЫҰ-мен ғылым мен техника саласындағы үздік тәжірибелерді пайдалануда тығыз стратегиялық әріптестік ғылыми әлеуетті арттыруға, білім, технологиялар трансфертін жеделдетуге ықпал ететініне, сондай-ақ Қазақстанның мәдени-гуманитарлық бағыттағы имиджін нығайтарына сенімдімін.

Аталмыш шаралар біздің еліміз бен ғылыми қауымдастық өкілдеріне тек ғана пайдасын әкелеріне сенімдімін.

https://www.facebook.com/photo?fbid=10165891316025543&set=pcb.10165891316870543


«« | »»
Соңғы жаңалықтар