Отандық ғалымдар ауаны тазарту үшін де, дезинфекциялау үшін де пайдалануға болатын үлгіні ұсынды
Сурет https://szemp.ru/raznoe/plakat-zacshita-vozduha.html сайтынан алынды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми-технологиялық паркінің ұжымы «Қала ауасын тазарту және кондициялау үшін өз шығынын өзі ақтайтын кешенді жүйелерді өндіру технологиясын жасау» жобасын жүзеге асырды. Жобаның жетекшісі – Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы Григорий Мун.
Ғалымдар ауа тазартумен қатар дисперсті судың бір уақытта кескіннің жаңғыруын қамтамасыз ететін медиа-экранның электр тізбегін және жүйенің оптикалық элементтерінің конструкциясын әзірледі. Сонымен қатар, сауда орталықтарының алаңқайларында, қоғамдық тамақтану орындарының залдарында орналастыруға ыңғайлы медиа-экранның үлкен өлшемді үлгісін жасады.
Бұл үлгіні ауаны тазарту үшін де, дезинфекциялау үшін де пайдалануға болады. Оған контур бойымен үздіксіз айналатын сұйықтыққа дезинфекциялық компоненттерді қосу арқылы қол жеткізілді. Үлгі физикалық-химиялық қасиеттері ретінде сумен әрекеттесу сипаты бойынша вирустарды имитациялайтын композициялар арқылы сыналған. Осы үлгідегі қосарлы жүйелерді сериялық өндіруді ұйымдастыруға арналған техникалық тапсырма әзірленіп, өндіріске шығындар сметасы жасалды.
Ұсынылған типтегі тазарту қондырғылары өз шығынын үлкен жарнамалық экрандар арқылы өтей алады. Яғни, оларда экрандық мата ретінде жабық контурда айналатын және сіңіруді ауадағы қоспалар арқылы қамтамасыз ететін жұқа су пайдаланылады. Суды тазарту гидрофильді полимерлер негізіндегі жаңа жүйелерді қолдану арқылы қайта айналымда қамтамасыз етіледі.
COVID 19 пандемиясы адамзатты мутацияға ұшырайтын вирустардың қауіп-қатеріне және жаңа вирустардың немесе инфекциялардың пайда болуына төтеп беруге, оларға бейімделу керектігін үйретеді. Г. Мунның командасының ұсынып отырған шешімдері тәжірибе барысында үлгілердің жоғары тиімділігін көрсеткен биологиялық емес вирусқа қарсы қорғаныс технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұл бөлмелерде, соның ішінде адамдар көп жиналған жерлерде вирустық жүктеме қаупін азайту үшін инновациялық технологиялық шешімді қалай қолдануға болатынын көрсетеді. Ауаны тазарту процесін үлкен медиа-экранның жұмысымен біріктіру жобаны коммерцияландыруға мүмкіндік береді.