Коронавирус вакцинасын алу әлемдік деңгейдегі басты шарт. Сол себепті шетелдерде білім алып, кәсіби деңгейін арттырып жүрген отандастарымыз үшін бұл өте маңызды болып отыр. Өйткені вакцина алмағандарды басқа елдер кіргізбейді.
Жақында ведомствоаралық комиссияның отырысында «Болашақ» бағдарламасының стипендианттарына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналарды алу мәселесі қаралған. Естеріңізге сала кетейік, ДДҰ-ның сынағынан өткен Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson&Johnson, AstraZeneca, Covishield, BIBP/Sinopharm, Sinovac вакциналары пайдалануға рұқсат алып отыр.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың мәлімдеуінше, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге шығатын студенттер немесе тағылымдамадан өтетіндер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тіркеуінен өткен BIBP/Sinopharm вакцинасының екі дозасын алады. Бұл бағдарламадан тыс басқа елде оқитын немесе тағылымдамадан өтетіндер де дәл осы вакцинаны алуы мүмкін. Бұл ертеңгі ведомствоаралық комиссияның отырысында нақты шешілетін болады, дейді Ералы Тоғжанов.
ДДҰ ұсынған вакцинаны алған жастар Австралияға, Канадаға, Жаңа Зеландияға, АҚШ-қа және Жапонияға оқуға немесе тағылымдамадан өтуге бара алады.
Материал https://www.inform.kz/kz/eraly-togzhanov-shetelde-okityn-studentterdi-vakcinalau-maselesin-aytty_a3887605 деректері бойынша дайындалды.