Ғылыми жаңалықтар

«Елбасы және жаңа қазақстандық қоғамды құру»

29.11.2013

4335

2013 жылдың 29 қарашасында «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» Акционерлік қоғамында («ҰҒТАО» АҚ) Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне арналған «Елбасы және жаңа қазақстандық қоғамды құру» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында «ҰҒТАО» АҚ президенті А.Ибраев мырзаның, ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментінің директоры Қ.Елеукенова ханымның, «ҰҒТАО» АҚ жетекші ғылыми қызметкері А.Жанғазиев мырзаның, ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаментінің бас маманы А.Тлеубаев мырзаның және қоғаммен байланыс қызметі басшысының м.а А.Құрманғалиев мырзаның баяндамалары тыңдалды.

Баяндамашылар Қазақстан үшін Н.Ә.Назарбаев мырзаның тарихи тұлғалық маңызын көрсетіп, қатысушыларды «Қазақстан – 2050 Стратегиясымен», Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам», Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыруға арналған «ҰҒТАО» АҚ қабылдаған іс-шараларымен таныстырды.

Сөз сөйлеу аяқталған соң, баяндамашылар аудиторияның көптеген сұрақтарына жауап берді.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар