Құрметті әріптестер!
«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (әрі қарай -Орталық) Сіздерге, is.ncste.kz автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасында онлайн-тіркеу қызметі енгізілгеніне байланысты, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді электрондық түрде тіркеуге болатындығын хабарлайды.
Тіркеу алдында пайдаланушы нұсқаулығымен танысу қажет.
Назарларыңызға, есептерді онлайн-тіркеу жүйесі пилоттық болғандықтан, қолданыстағы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасының орындалмауының алдын алу үшін, құжаттарды қағаз түріндеде тапсыру қажет.