Ғылыми жаңалықтар

Табиғи және техногенді шикізатты пайдаланып көпфункционалды жылуды оқшаулайтын материалдар дайындалды

14.12.2017

4221

Табиғи және техногенді шикізатты пайдаланып көпфункционалды жылуды оқшаулайтын материалдар дайындаудың жаңа технологиясы әзірленді деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі.
Жоба жетекшісі Жану мәселелері институтының профессоры, х.ғ.д. Н.Н. Мофа. Жоба барысында механохимиялық өңдеуден өткен цемент, гипс, волластонит және газды бетон қалдықтары негізінде алынған ұнтақтар зерттелді. Фракцияланған газды бетонды қолдану арқылы құрғақ құрылыс қоспаларын алудың технологиялық регламенті мен техникалық шарттары жасалды.
Зерттеу бойынша 33 мақала жарыққа шықты, оның 16-сы шетелдік басылымдарда жарық көрді және ҚР бойынша бірнеше патентке ие болды. Көміртек-полистирольді сорбент GlobalRealty ЖШС-да өнеркәсіптік сынақтан өтті.
Құрылысқа арналған материалдар қоғамдық ғимараттар мен өндірістік нысандар салуда қолдануға болады. Өнеркәсіп қалдықтарынан композициялық материалдар алудың екі тиімділігін атап көрсетуге болады: қалдықтарды қайта өңдеу және өзіндік бағасы төмен тұратын сапалы функционалдық материал алу.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар