Ғылыми жаңалықтар

ҚазҰТЗУ инженерлері ЖЭО-дағы қазандықтар мен агрегаттардың жағдайын бақылайтын жүйе жасады

24.01.2017

4662

Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ ғалымдары ЖЭО-дағы энергетикалық құрылғылардың нақты уақыттағы қазандықтар мен турбоагрегаттардың техникалық жағдайын жедел түрде анықтайтын жүйе ойлап тапты. Жоба жетекшісі т.ғ.д., профессор Б.А.Сүлейменов.
ЖЭО қазандықтарының жағдайын бақылау жүйесі математикалық модельдеу және басқарылудағы талдауға, сонымен қатар апаттық жағдайлардағы нақты және мүмкін болатын мәліметтерге байланысты анықталады. Жоба авторлары құрылғылардың жағдайын негізгі диагностикалық белгілер бойынша біліп отырады.
Биылғы жылы өнеркәсіптік сынақтардан соң жобаның экономикалық тұрғыдағы тиімділігі анықталады. Басқару деңгейі мен диагностикалауға ұсынылған алгоритмдер арқылы бағалау әдісін кез-келген технологиялық нысандарды автоматтандыру жүйесін құру кезінде қолдануға болады.

Дереккөзі: «МҰҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар