Ғылыми жаңалықтар

ҚазҰТЗУ ғалымы жаңа суқыздырғыш ойлап тапты

09.12.2016

4177

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ жанындағы Физика-техникалық инстиуты ғалымдары көміртекті нанотүтікшден жаңа суқыздырғыш ойлаптапты. Айта кетуіміз керек, ғалым бұл іске күн көзінен қуат жинайтын фотоэлементті пайдаланған. Бұл жайында «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі хабарлайды.
Жаңа суқыздырғышты ойлап табу ісіне физика-математика ғылымдарының докторы, академик С.Ж. Тоқмолдин жетекшілік жасаған.
Жоба авторы жаңа су қыздырғыштыжасау үшін қысқа әйнек түтікшелерді пайдаланған. Сонымен қатар ғалым суқыздырғышты құрастыру барысында қатты, жеңіл металдарды да кеңінен қолданыпты. Жаңа құрылғыны үйдің шытырына орнатуға болады.
Ғалым өзі ойлап тапқан құрылғысын қатал табиғат жағдайында сынап, оның жақсы жұмыс істейтіне көз жеткізген.
Жаңа суқыздырғышты алдағы жылы Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде көпшілік назарына ұсынылмақшы.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар