Ғылыми жаңалықтар

Отандық ғалым ЖЭС-тің күлі кәдеге жартты

21.11.2016

5029

Минералды шикізатты өңдеу Ұлттық орталығы ғалымдары жоғары темперетураға төзімді электр стансаларына кеңінінен пайдалануға болатын замнауи материал ойлап тапты деп, – хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Электр стансаларына аса қажет жаңа материалды Минералды шикізатты өңдеу Ұлттық ортағы ғалымы техника ғылымдарының докторы, профессор Б.Н. Сатбаев ойлап тауып, осы ғылыми жұмысқа жетекшілік жасаған.
Бір қызығы – ғалым отқа төзімді материалды еліміздегі жылу электр сатансаларынан шығатын қалдықтарды пайдаланып, жасапты. Оның отқа төзімді жаңа материалын өндірістік қалдықтардың құрамындағы хромомагнезит, форстерит доломит, шамот, династан негіз болған. Егер ғалымның жұмысы қолдау тапса, еліміздегі ЖЭС-тердің айналасында үйіліп жатқан өндірістік қалдықтар, шетінен өңделіп, заманауи материалға айналатын күн алыс емес.
Осы ретте айта кетуіміз керек, ғалым отқа төзімді материал алу үшін «Казмырыш-ТЭК», «Kazakhmys Energy», Степногорск ЖЭС, «Қарағанда Энергоцентр», «AES Өскемен ЖЭС» сынды өндіріс ошақтарынан шыққан қалдықтарды пайдаланған. Нәтижесінде еліміздің аумағындағы ЖЭС-терден шыққан күлдердің бәрінен жаңа материал жасауға болатыны дәлелденді.
«ҰҒТАО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар