Ғылыми жаңалықтар

ҚарМТУ ғалымдары металды тоттанудан сақтаудың тың технологиясын ойлап тапты.

26.09.2016

5104

Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің ғалымы, техника ғылымдарының докторы А.З. Исағұлов метал бұйымдарды тоттанудан (коррозия) сақтаудың тың технологиясын ойлап тапты. Бұл жайында «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі хабарлайды.
Ғалым өз жұмысында саз балшықты топқа жататын галлуазитті пайдаланған. О баста галлуазит ғылыми ортада білгілі болғанда, оны тұрмысқа қажетті түрлі ыдыстар жасауға пайдаланған еді. Ал 1950 жылы ғалымдар галлуазиттің бөлшектерінен түтікшелерді байқаған. Тек 1990 жылы ғана ғалымдар галлуазит диаметрі 40-200 нанометр болатын нанотүтікшелерден тұратынын анықтады. Оның нанотүтікшелері алюминий, оттегі, кремний және сутегіден құралған.


Қазақ ғалымы галлуазиттің осындай ерекшілігін назарға алып, оның антикоррозиялық қасиетін пайдалануды ойлаған. Галлуазиттің нанотүтікшелерімен кез келген металды қаптаса, қоршаған ортада тоттануына айтарлықтай тежейді.
Осылайша А.З. Исағұлов метал бұйымдарды галлуазитпен қаптаудың тың технологиясын әзірледі. Ғалым жаңа технологияны сынақтан өткізгенде галлуазиттің нанотүтікшелерінен қапталған метал бұйымдар өзінің антикоррозиялық қасиетін бірнеше есе арттырғанына көз жеткізген.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар