Ғылыми жаңалықтар

ШҚО-да мысырлық сфинксқа ұқсайтын қашалған тастар табылды

08.06.2016

4843

«Ақ бауыр» киелі орда: гипотезалар мен зерттеулер» халықаралық семинарының қатысушылары белгілі мысырлық сфинксқа ұқсайтын монолиттер тапты.

«Бұл тас мүсін ерекше қызығушылық тудыруда, - деді ғылыми қызметкер Галина Петенева. - Бұл нысандар бізге беймәлім мәдениетті ашуы мүмкін».

Айтқандай, Мысырда сфинкстің үш нұсқасы болды: бет-әлпеті адам және денесі арыстан классикалық тас мүсін, сондай-ақ сұңқар немесе қой басымен мүсін. Семинар қатысушылары тапқан сфинкс маймыл басты арыстанға ұқсайды, деп жазды «Экспресс К».

Эрмитаждың археология бөлімінің ғылыми қызметкері Леонид Марсадолов осыған байланысты ШҚО-да қызықты тас нысандар тапқан ақын Евгений Курдакты еске алды.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар