Ғылыми жаңалықтар

Қарағандылық түлек Принстон университетінің грантын иеленді

07.06.2016

4910

Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Айжан Ахметжанова Принстон Университетінде (Princeton University) тегін оқуға мүмкіндік беретін толық гранттың иегері атанды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Грант иегері Айжан Civil Engineering мамандығын таңдаған.

Грант алудың негізгі талаптары бойынша халықаралық емтихандар өте жоғары көрсеткіштері болатын. Қарағандылық оқушы SAT Reasoning – 2140/2400, Physics, Maths, Chemistry – 800/800. TOEFL PBT -657/677, IELTS 8.5/9.0 сынақтарынан сәтті өтіп,жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізіп отыр.

Айжанның сөзінше, АҚШ-та оқу оның балалық шағынан армандаған. Ал оған қол жеткізуге Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу себеп болыпты. Осындай мектепте оқып әлемдік деңгейде танымал университеттерінің бірі саналатын Принстон Университетінің студенті атанды. Болашақта Айжан өз елімізге оралып болашақ мемлекетіміздің өркендеуіне үлесін қосуды көздейді.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар