Ғылыми жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

06.06.2016

4849

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де бірлескен қазақ-түрік ғылыми-зерттеу орталығының тұсау кесер рәсімі болды. Бұл шараны ТарМУ мен Түркияның Кастамону Университеті бірлесе ұйымдастырды.

Сол себептен де орталықтың ашылу салтанатты Кастамону Университетінің ректоры профессор Сейт Айдын және осы орнының проекторы профессор Али Рафет Өзкан, туризм факультетінің деканы Саим Атеш, экономика және әкімшілік шаруашылық факультетінің деканы Мухсин Халис, жаратылыстану ғылымдары институтының директоры Өмер Күчүк арнайы қатысты. Түркиядан келген қонақтар орталықтың ашылу салтанатынан бұрын университеттің ғылыми кеңес мүшелерімен кездесті. Аталмыш салтанатты шара қонақтарының тізімінде «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің директоры Махмутжан Давришев, Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің директоры Невзат Бекар, ер балалар арналған қазақ-түрік лицейінің директоры Чолак Ахмет Гази, қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің директоры Мереке Шерниязұлы және «Ахыска» облыстық түрік этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы Дуниядар Абдуллаевтар болды.

Тұсаукесер рәсімі барысында университет ректоры Махметғали Сарыбеков Кастамону университетімен әріптестік байланыстық 2014 жылдың қаңтар айынан бастап жандана бастағанын атап өтті.

– Соңғы екі жылда қос университет арасында маман алмасу, акдемиялық ұтқырлық бағдарламалары жақсы жолға қойылып бастады. Нәтижесінде, ТарМУ-дың оқытушылары Кастамону университетінде дәріс оқыды. Сәйкесінше ТарМУ студенттері де Кастамону оқытушыларының дәрісін тыңдауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, біздің екі студент осы оқу орын қабырғасында жоғары білім берудің түркиялық үлгісімен танысып келсе, Кастамондың студенті ТарМУ оқытушыларынан сабақ алды. Бүгінгі ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы осы бірлескен іскерлік қарым-қатынасымызды нығайта түсері сөзсіз–деді, университет басшысы. Өз кезінде Кастамону университетінің өкілдері де бұл байланыстың екі жақ үшін де тиімді екендігіне назар аударды.

Ғылыми кеңес мүшелерімен кездесу соңында ТарМУ ректоры Түркиядан келген қонақтардың барлығын «М.Х.Дулати үздік жетістіктер үшін» төс белгісімен марапаттады.

Одан соң, шара қонақтары қазақ-түрік ғылыми-зерттеу орталығынң тұсау кесер рәсіміне қатысты. Аталмыш орталықтың лентасын ТарМУ ректоры Махметғали Сарыбеков пен Кастамону университетінің ректоры Сейіт Айдын қиды.

Алдағы уақытта бұл орталық қос ел арасындағы білім, мәдениет, өнер салаларындағы іргелі ғылыми зерттеу жұмысымен айналысатын кешенге айналмақ Түрік тілін насихаттау мен халық арасындағы танымалдылығын арттыру, қазақ-түрік студенттерінің әлеуметтік және қолданбалы ғылым түрлерімен айналасуына жағдай жасауда орталықтың басты міндеті болып табылады.

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Дереккөзі: tarsu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар