Отыз жылдан астам уақыты бойы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде еңбек етіп келе жатқан профессор Ағыбай Байтөреев ғылымға және оқу ағарту ісіне сіңірген еңбегі үшін Ресей Жаратылыстану Академиясының Ұлы Екатерина орденімен марапатталды. Сонымен бірге, Ағыбай Мәмбетұлы Аймақтық Менеджмент Академиясының нақты мүшесі атағын иеленіп, аталмыш Академияның академигі атанды.
Ұзақ уақыт қоршаған ортаны қорғау бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан А.Байтөреев әр жылдары Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, ғылым докторы атақтарын алған. Ал, 2014 жылы Ағыбай Мәмбетұлы өнертапқыштықты дамытуға қосқан үлесі үшін Ресей Жаратылыстану Академиясының А.Нобель атындағы медалімен және отандық ғылымды дамытуда қол жеткізген табыстары үшін В.И. Вернадский атындағы медалмен мараппатталған болатын. Сәйкесінше, өнертапқыш-ғалымның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі «Галит»,«ҚазФосфат» сынды ірі өндіріс ошақтарының қолданысына енгізілген. Өткен жылы Мәскеу қаласында өткен халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде де А.Байтөрревтің жұмысы үздіктер қатарынан көрінгені бар.
Бүгінде Ағыбай Мәмбетұлы өз шәкірттерімен бірге қолданбалы экология және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүр.
МЕДИА-ҚЫЗМЕТ
Дереккөзі: tarsu.kz