Жамбыл облысында отандық ғалымдар ұсынған дәнді дақылдардың 40-тан астам түрін өсіреді
Жамбыл облысында шаруа қожалығымен қатар Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдары ынтымақтастықта жұмыс істейді, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Таяуда жамбылдық аграршылар ҚазҰАУ өкілдерімен кездесуде өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев атап өткендей, «100 нақты қадам» ұлт жоспары аграрлық ғылымға, ауыл шаруашылығы өндірісіне елеулі орын берілген және ғылыми жетістіктерді пайдалану жоғары өнімділік, сауым алуға, мал басын ұлғайтуға, өндірілетін өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Облыс әкімінің айтуынша, 2015 жылды аграршылар жақсы көрсеткішпен аяқтады, бұған көп жағдайда жетекші ғалымдармен ынтымақтастық ықпал етті.
ҚазҰАУ ректоры Тілектес Есполов атап өткендей, ұлттық экономикадағы аграрлық сектор жетекші рөлде, оның серпінді дамуы үнемі басымдыққа ие. Аграрлық тақырыпқа маманданған ғалымдар 20-дан астам жаңа инновациялық әзірлеме ұсынды, ол дәнд дақыл, масақты, жеміс-жидек, техникалық дақыл өнімділігін арттырады.
«Біз әр өңірдің табиғи-климаттық жағдайын есепке алып, тұқым қорын әзірлеуде үлкен жұмыс атқардық, - деді ҚазҒЗИ жер бөлу және өсімдік шаруашылығы бөлімінің директоры Серік Кененбаев. - Таулы жерде балауызы жоғары дәнді дақылды масақты аязға төзімді кеш сұрыпты тұқым өсірген жөн. Ал ыстық аудандарда ерте сұрыпты тұқым сепкен қолайлы. Жамбыл облысында 15 шаруашылықпен (әсіресе Мерке ауданының «Нұржан» шаруашылығымен тығыз байланыста) ынтымақтастықта жұмыс істейтін біздің институт ұсынған 43 түрлі ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдары өсіріледі».
ҚазҒЗИ мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі бөлімінің бас директоры Әбдірахман Омбаев Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы малын өсіру бойынша ірі өңір болып табылатынына тоқталды, мұнда селекциялық орталық аса қажет.
«Ғалымдар аграршылармен тығыс байланыста жұмыс істеу қажет. Мұндай тәсіл өңірдің аграрлық секторын жаңа деңгейге көтереді», - деді әкім.
Дереккөзі: inform.kz