Ғылыми жаңалықтар

АҚШ-та ғалымдар адамның өлген миына жан бітірмекші

27.04.2016

5142

Американың Bioquark атты биотехникалық компаниясы миды тірілтуге болатынын дәлелдеп, адам ағзасының бас органына «жан бітіру» технологиясын әзірлеуді жоспарлауда.

«Адамдар орталық нерв жүйесінің ерекше мүмкіндіктерінен айырылса да, амфибия, планария, кейбір балықтар тіпті өміріне қауіпті жарақат алғаннан соң да өз миының бөлігін жазып, қайта тірілте алады», - деп мәлімдеді компания басшысы Айра Пасторон.

Ғалымдар АҚШ-та, Ұлыбританияда ресми түрде өлді деп танылған, бірақ вегетативті жағдайда болуын қамтамасыз ету жалғасып келе жатқан адамдардың қатысуымен клиникалық сынақ жүргізбек, деп жазды lenta.ru.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар