Ғылыми жаңалықтар

ҚР-да бірінші сыныптықтар үшін үш тілде оқыту биылғы жылдың өзінде енгізіледі

12.04.2016

5080

Биылғы жылы Қазақстанда бірінші сыныптықтар жаңа бағдарлама бойынша бес күндік оқуға көшеді, бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматыдағы «Ғылым және бизнес» халықаралық форумының барысында айтты.

«Біз бұл бағдарламаны пайдалануға тиіспіз. Бұл міндетті бағдарламалардың енгізілуын бақылауға мүмкіндіік береді. Биылғы жылдың өзінде бүкіл елде бастауыш сыныптардың 73 мың педагогтері жаңа бағдарламалар бойынша оқытуды бастайды. Мұндай ешуақытта болған емес», - деп атап өтті ҚР БҒМ басшысы.

Оның айтуынша, биылғы жылы бірінші сыныптықтар жаңартылған бағдарлама бойынша бескүндік білім беру режиміне көшеді, әрбір пән бір мезгілде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.

Бұл бағдарлама Назарбаев зияткерлік мектептерінде байқап көруден өтті. 2017 жылы бұл бағдарламамен 2, 5 және 7 сыныптар оқытылады. Жаңа бағдарламаға 350 мың мұғалім мен 3 млн. бала тартылады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар