Ғылыми жаңалықтар

ЕҰУ оқытушысы Әсет Қайнарбай 2015 жылдың үздік зерттеулері мен жетістіктері конкурсының жеңімпазы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты атанды

25.02.2016

6037

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің физика-техника факультеті «Техникалық физика» кафедрасының доценті ф.-м.ғ.к. Әсет Қайнарбай Жұмабекұлы 2015 жылдың үздік зерттеулері мен жетістіктері конкурсының жеңімпазы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты атанды.

ЕҰУ доцентінің ғылыми зерттеу тақырыбы - «Кремний негізіндегі фототүрлендіргіштердің ПӘК-ін арттыратын жаңа люминесценттік материалдарды даярлау технологиясын жасау».

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының сыйлығы 2008 жылы бекітілді. Республикалық байқауға үздік зерттеулер, шығармашылық жобалар және бағдарламалар келесі номинациялар бойынша ұсынылады: әуен, театр және бейнелеу өнері, кинематография, көркем әдебиет, журналистика, физика, математика, инженерлік, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар.

2015 жылы республикамыздың барлық аймақтарынан 120 аса ғылыми және шығармашылық жобалар ұсынылды, соның ішінен «Техникалық физика» кафедрасының ф.-м.ғ.к., доцент Әсет Қайнарбайдың жұмысы үздік атанып, жеңімпаз болды.

Әсет Қайнарбайдың зерттеулерінің заманауи фотовольтаикасының перспективті бағыты – күн энергетикасында золь-гель технологиясымен алынған наноматериалдарды, соның ішінде нанокристалдарды, кванттық нуктелерді люминесцентті материалдар ретінде қолдануға арналды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспары бойынша 2024 жылға баламалы энергия көздерінің үлесін жалпы энергия тұтынуының 5% жеткізу болып табылады, бұл шара болашақта энергетикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселерге шешім беретіні анық.

Баламалы энергетика саласының дамуы қоршаған орта экологиясын жоғары сатыға көтермек, атмосфераға зиянды заттардың таралуын төмендетеді, электрификация территориясын кеңейте отырып халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Сол себепті жаңа күн энергетикасы жаңа материалдарды талап етеді.

Ғылыми жектекшісі ф.-м.ғ.д., профессор Т.Н. Нұрахметов «Кремний негізіндегі фототүрлендіргіштердің ПӘК-ін арттыратын жаңа люминесценттік материалдарды даярлау технологиясын жасау 2012-1014 жж.» атты ғылыми жоба зерттеулерінің аясында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ғалымдарымен доцент Әсет Қайнарбай «Техникалық физика» кафедрасында жаңа ғылыми бағыт ашты, мысалы, «Наноматериалдарды алу және кешенді зерттеу». Тынымсыз жұмыстар негізінде 5В072300 – «Техникалық физика» бакалавриаты және магистратура оқу процесіне алты элективті арнайы курстар еңгізілді, атап айтқанда, «Наноматериалдарды алу әдістері», «Наноматериалдар және нанокластерлер», «Кремнийдің құрылымы және қасиеттері», «Кремний негізіндегі жартылай өткізгіштер», «Күн энергетикасы», «Баламалы энергетикасы». Осы зерттеулердің нәтижелері 15-18 қараша 2014 ж. «EXPO-2017 – болашаққа көпір» Республикалық инновациялық жобалар жәрмеңкесінде алғаш рет көрсетілді (http://kaztv.kaztrk.kz/kz/view/expo/page_43629_zhas-halymdardyn-tuyndylary-kormege-koiylady).

Дереккөзі: enu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар