Ғылыми жаңалықтар

Қарағандылық ғалымдар жаңа рентген қондырғысын ойлап тапты

23.12.2015

4667

Қарағандылық ғалымдар жаңа рентген қондырғысын ойлап тапты, деп хабарлады 24.kz.
Заманауи аппараттың өзіндік ерекшелігі бар. Оны қолдану кезінде рентген сәулесін көруге болады екен. Яғни, сәулені тек қажет жерге қарай бағыттауға болады деген сөз.

Ғалымдардың айтуынша, жаңа қондырғыны медицина, биология, өндіріспен қатар, зергерлік салада да қолдануға болады. Бағасы да баламалы аппараттан арзан. Құралды ойлап тапқан қарағандылық ғалымдар авторлық құқықтарын патенттеп алды. Енді оны қолданысқа енгізу үшін технологияларды коммерциализациялау орталығы грант бөліп отыр.

Тың жобаны қазақстандық және халықаралық нарыққа шығару жолдары да жан-жақты қаралып жатыр.

«Біз бұл қондырғыны адамның ауыз қуысын түсіру үшін қолданбақпыз. Бұл тәсілді қолдану барысында адамның миы мен қалқанша безіне зақым келтірілмейді», - дейді жоба әзірлеушісі Олег Правдин.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар