Ғылыми жаңалықтар

«Энерджи-Тараз» кәсіпорны өнімдерінің қазақстандық үлесі 100 пайызға жуық

23.12.2015

4597

Қазақстанда жарық-техникалық өнімдерін шығаратын 15 өндірістң бірі - «Энерджи Тараз» ЖШС өз алдына Қазақстан тұрғындары мен кәсіпорындарын қолжетімді бағамен тиімді, сапалы және қауіпсіз жарық көздерімен қамтамасыз ету мақсатын қойды.

Индустрияландыру картасына енгізілген қолданыс аясы кең энергиялық тиімді жарықдиодтық шамдарды шығару жобасы (жобаның құны - 130 млн. теңге) 2011 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына сапар жасап, энергияны үнемдеу бойынша шаралар өткізуді тапсырған соң іске асырылған.

«Энерджи-Тараз» серіктестігінің басшысы Құрманәлі Баратовтың айтуынша, кәсіпорын бағдары - құрамында сынап бар қуат үнемдейтін лампаларды шығару және пайдалану.

«Энергия үнемдеуші лампалардың негізгі элементі - сынап, біз оны басқа шикізат сияқты қазақстандық жеткізушілерден сатып аламыз. Тек лазерлік диодтық кристалдарды ғана шетелден сатып алудамыз. Шикізаттың барлығы дерлік - қазақстандық өнім. Нәтижесінде өз құны жоғары емес, бұл өндірушілерге де, сатып алушыларға да тиімді. Біздің лампалар электр жарығының 70 пайызына дейін үнемдеп қалуға мүмкіндік береді, оларға деген сұраныс күн санап артуда», - деп түсіндіреді Қ.Баратов.

Жарықдиодтық лампалардың басымдықтарының қатарында олардың қызмет мерзімінің ұзақтығы (60 мың сағатқа дейін, немесе 20 жылға жуық уақыт), энергияны тұтынудың 30 пайыздық үнемділігі, жоғары сенімділігін айтуға болады. Бұдан басқа, жарық ағынының коэффициенті 95 пайызға тең, бұл жарықтандырудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Қуат үнемдейтін лампалардан басқа, «Энерджи Тараз» жарықдиодтық шамдардың көп түрін шығаруда. Бұл өнеркәсіптік, көшедегі және кеңседегі, сәндік және сәулеттік қаракөлеңкесі бар, қуаттылығы мен көлемі әртүрлі шамдар. Жақында трансформаторлар шығару игерілді, бұл өнім таяу шетелге экспорттауға бағытталған.

Соңғы жылдары кәсіпорын өз өнімін сату нарығын кеңейтуде, оған Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанда қызығушылық танытып отыр. Тиісінше, өнім көлемі ұлғайып, жұмыс орындарының саны артып отыр. Қазіргі кезде кәсіпорында 100 қызметкер еңбек етуде. Жұмыс орындарының үштен бір бөлігі мүмкіндігі шектеулі адамдарға ұсынылған.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар