Ғылыми жаңалықтар

ҚР Президенті РХДУ құрметті ғылым докторы мантиясы мен дипломы табыс етілді

22.12.2015

4774

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей халықтар достығы университетінің ректоры Владимир Филипповпен кездесті.
Жүздесу барысында В. Филиппов Мемлекет басшысына «РХДУ құрметті ғылым докторы» мантиясы мен дипломын табыс етті.

Кездесу кезінде Қазақстан мен Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының өзара ықпалдастығы мәселелері, сондай-ақ екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастығының перспективалы бағыттары талқыланды.

Мемлекет басшысы білім беру ісіндегі көшбасшылардың бірі болып саналатын білім ордасы біздің ел үшін де білікті мамандар даярлау ісіне елеулі үлес қосып отырғанын айтты. Мәселен, бүгінде университетте Қазақстаннан келген 500-ден аса студент оқып жатыр, бұл әлемнің 150 елі ішінде екінші орындағы көрсеткіш болып саналады.

В.Филиппов Нұрсұлтан Назарбаевқа елдеріміздің арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындары арасындағы толыққанды академиялық ықпалдастыққа қолайлы жағдай жасауға көңіл бөліп отырғаны үшін алғыс айтты.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар