Ғылыми жаңалықтар

Өмір ұзақтығын реттейтін гендер анықталды

21.12.2015

4960

АҚШ және Италия генетиктері адам өмірінің ұзақтығын реттейтін төрт генді атады. Авторлар өз зерттеулерінің қорытындыларын PLOS Genetics журналында жариялады.
Өмір үшін маңызды гендерге АВО (қан тобын анықтайды), CDKN2B (жасушаның өмірлік маңызды циклдерінің реттелуіне жауап береді) және HLA-ның бірі (иммундық жүйенің өз ағзасының жасушаларының танылуына жауап береді) жасушаларын жатқызды.

Генетиктер өз тұжырымдамаларын жүзден асқан 800 адам мен 90-нан асқан 5 мың адамның мәліметтерін талдап шығарды. Бұл адамдар басқалармен (одан да жас адамдармен) салыстырғанда ABO, CDKN2B, SH2B3 және HLA гендерінде күрделі ақаулардың жоқ болуымен ерекшеленеді.

Ғалымдар өмір ұзақтығының 20 пайызы генетикалық факторларға байланысты деп шамалап отыр. Өмір ұзақтығымен байланысты негізгі гендерді білу ғалымдарға олардың жұмысқа бейімділігін жақсарту және қолдау бойынша ұсыныстар мен механизмдерді шығаруға мүмкіндік береді, деп жазады Лента.ру.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар