Ғылыми жаңалықтар

АҚШ-тың танымал антропологы Пол Тэйлор Тамғалы жартасын зерттемек

10.12.2015

5818

Смитсон институты (Вашингтон қаласы, АҚШ) Антропология департаментінің (Азия мәдениетін зерттеу) директоры Пол М. Тэйлор және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов Тамғалы жартасына барды.
Бірлескен жұмыс сапарының басты нәтижесі Тамғалы ландшафтын Жаһандық экологиялық қорға енгізу (GEF) болмақ, деп хабарлайды ҚР МСМ баспасөз қызметі.

Пол М. Тэйлор Қазақстанға Тамғалы ландшафтының биологиялық көптүрлілігін зерттеуге әдейілеп келді. Танымал антрополог ГЭФ жобасының басты халықаралық әріптесі ретінде қатысуға қызығушылығын білдіруде. Сапар барысында Азия мәдениетін зерттеумен айналысатын көрнекті ғалым Смитсон институты тарихи-мәдени мұраларды зерделеу мен сақтау саласындағы бірлескен қазақ-амеркандық жобаларға ерекше мүдде білдіретіндігін жеткізді.

Бұған дейін Пол Тэйлор Әзербайжандағы Гобустан археологиялық ландшафтын зерттеумен айналысқан болатын. Тэйлор жетекшілік ететін Антропология департаменті бағдарламасының арқасында зерттеушілер 3D-модель жасау, цифрлық өңдеу, бейнелерді архивтеу және т.б. түрлі техникалармен жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

«Қазіргі уақытта Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Жаһандық экологиялық қорға (GEF) байқауға өтініш жобасы бойынша жұмыстар жүргізуде. «Биологиялық көптүрлілік» номинациясы бойынша біз Алматы облысындағы Тамғалы жартасының бірегей ландшафтын қосудамыз, - деді Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры А. Хазбулатов. - Бұл жұмысты институт Қазақстан Республикасы мәдени саясатының Тұжырымдамасы және Туризм саласын 2020 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жүргізіп жатыр».

Андрей Хазбулатов үстіміздегі жылдың маусым айында Вашингтонда (АҚШ) ГЭФ өкілдері Питер Лаллас және Патрисия Коккамен кездесу өткендігі туралы айтты. Бұл кездесу кезінде ықтимал жоба мәселелері талқыланды. Тамғалының бірегей петроглифтері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілгендігі барлығымызға мәлім, дегенмен, отандық сарапшылардың пікірінше, Тамғалы ландшафты Қызыл кітапқа енгізілген қалдық өсімдіктер мен жануарларды біріктіретін ғажайып флорасы мен фаунасы таң қалдырады.

Еске сала кетсек, Тамғалы жартасы - бес мыңнан аса түрлі петроглифтері бар жартас өнерінің ең көне және аса ірі ескерткіштерінің бірі. Оларды зерттеу ішкі және сыртқы мәдени туризмнің дамуына септігін тигізеді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар