Ғылыми жаңалықтар

Астанада «жасыл экономика» тақырыбында халықаралық конференция өтеді

10.11.2015

5719

13 қараша күні Астана қаласында «Жасыл көпір – озық тәжірибелер мен инновациялар үшін әріптестік платформасы» атты халықаралық конференция өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрлігі Жасыл экономика департаментінің директоры Бекберген Керей айтты.

– Бразилияда өткен орнықты даму бойынша БҰҰ Дүниежүзілік саммитте ЖКСБ барлық елдердің қатысуы үшін ашық, жасыл экономикаға көшудің аймақаралық тәжірибелік және ерікті механизмі ретінде бекітілген болатын. Осыған байланысты, 13 қараша күні Астана қаласында ҚР Энергетика минстрлігі, «Жасыл экономиканы» қолдау және «G-Global» дамыту коалициясы, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен «Жасыл көпір – озық тәжірибелер мен инновациялар үшін әріптестік платформасы» халықаралық конференция өтеді. Конференция үш сессиядан тұрады: «Жасыл көпір – технологиялар, инновациялар және климаттың өзгеруі», «Жасыл көпір – жеке сектордың ғылыми және азаматтық қоғамның қатысуымен технологиялар мен инновацияларға арналған платформа. Оның тақырыбы «ЖКСБ-ның қызметі мен жобалары» деп аталады, – дейді Бекберген Керей.

Оның айтуынша осы конференция аясында жаңа қатысушылардың хартияға қол қою рәсімі өтеді екен.

– Конференция шегінде жаңа қатысушылардың хартияға қол қою рәсімі өткізіледі. Қазіргі кезде хартияға 14 ел қосылған. Ағымдағы жылы жеке компаниялар мен ірі қоғамдық ұйымдардың хартияға қосылу рәсімі басталды. Сондай-ақ ЖКСБ-ның Қоғамдық кеңесі мен оны одан әрі іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары, сонымен қатар пилоттық «жасыл» жобаларды құру мәселесі талқыланады, – дейді ол.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар