Ғылыми жаңалықтар

Қытай ғалымдары пандалардың тілін зерттеп жатыр

09.11.2015

5487

Қытай ғалымдары пандалардың тілін зерттеп жатыр, - деп хабарлайды MIGnews.com.

Пандалардың бір-бірімен "джи-джи", "кью-кью", "вау-вау" және тағы да ондаған сөздер арқылы сөйлесетінін ғалымдар зерттеп жатыр екен. Зерттеушілер сөйлеу белгілерінің нені білдіретінін анықтапты.

Бұған олар бес жыл уақыт жұмсаған. "Джи-джи" деген сөз "тамақ ішемін" дегенді білдіреді, ал "кью-кью" - "бәрі жақсы". Ғалымдар жалпы 13 дыбыстың мағынасын таныған. Қытай ғалымдары мұнымен тоқтап қалмай, зерттеуді жалғастыра беретінін жеткізіп отыр. Тіпті таяуда панда тілінің сөздігін шығармақшы екен.

Дереккөзі: tengrinews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар