Ғылыми жаңалықтар

ҒЫЛЫМ: Банан ақуызынан жасалған дәрі вирустарға төтеп бере алады

30.10.2015

6502

Ғалымдар банан құрамындағы ақуыздың вирустармен күресе алатынын анықтады. Бұл ең алдымен АИТВ (ағзадағы иммун тапшылығы вирусы), тұмау және С гепатитіне қатысты болып отыр.
Мәселе ағзалар мен вирустардың сыртында орналасқан қантты «есептеуге» қабілетті банан лектині туралы болып отыр. Зерттуге түрлі елден 26 ғалым қатысқан.

Олар банан ақуызының вирустарға қарсы қалай жұмыс істейтінін анықтау үшін бірнеше жыл уақыт жұмсаған. Ғылыми мамандар ақуыздың АИТВ вирусының ағзаға енуін ұстап тұра алатынын анықтады. Бұл ретте жағымсыз әсер туындамайды.

Енді жаңа формула құрылып, эксперименттер кеміргіштерге жасалып отыр. Оларда осындай ерекше дәріге оң реакция байқалып, сондай-ақ ЖИТС және тұмаудан сауығып кету оқиғасы тіркелген.

Ақуыздың жаңа нұсқасы Н84Т деп аталды. Ол геннің аз ғана ауысуы арқылы алынған. Ғалымдар оның пайдалы қасиеттерін анықтап, бүгінде банан негізінде дәрі жасап шығаруға әрекеттеніп отыр.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар