Ғылыми жаңалықтар

Қазақстанға таза отынды украиндық зымыран тасымалдағыш қажет - Н.Назарбаев

12.10.2015

5540

Қазақстанға таза отынды украиндық зымыран тасымалдағыш қажет. Бүгін Ақордада елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Украина Президенті Петр Порошенкомен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Бүгінгі күні Байқоңыр ғарыш айлағы жалға берілген, біздер бірлесіп жұмыс істеудеміз. Қазақстан өз қажеттілігі үшін бірнеше жер серігін ұшырды, 3 ғарышкеріміз ғарышта болып қайтты. Біз барлық уақытта да «Бәйтерек» деп аталатын жаңа ресейлік-қазақстандық жобамен жұмыс істеудеміз. Бірақ, таза отынды барынша жеңіл зымырандар мәселесін еш шеше алар емеспіз. Біз әр уақытта да украиндық достармен «Зенит», «Днепр» зымырандары бойынша жұмыс істедік. Бірақ, үшжақты келісімге келе алар емеспіз. Бұған қоса, қазір қарым-қатынас қиындап кетті», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ғарыш ведомствосы украиндық тараппен тығыз жұмыс істеп, Украинаның зымыран тасымалдағыштарын зерттейтіндігін атап өтті.

Өз кезегінде П.Порошенко Украинада ғарыш ынтымақтастығы саласында бірқатар жаңа жобаның бар екендігін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, Украинаның тәжірибесі мен технологиясын Қазақстанның мүмкіншіліктерін ұштастырып, екі елдің бұл саладағы әлеуетін арттыра түсуге болады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар