Ғылыми жаңалықтар

Жамбылдық жастардың үздік стартап жобалары іріктеліп алынады

21.09.2015

5478

Қазақстан халқы Ассамблеясының Жамбыл облысындағы филиалы жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасы Таразда «StartupNomadTour» аясында қаланың ЖОО және колледждерінің студенттері, облыстың ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктер жастарының Қазақстандағы Global Entrepreneurship Week негізін қалаушы және ресми өкілі, Жас кәсіпкерлер клубының негізін қалаушы Павел Коктышевпен (Алматы қ.) кездесуін ұйымдастырды.
«Startup Nomad Tour» мақсаты жоғары технологиялық нарықтарда сұранысқа ие инновациялық шешімдерді іздеу, сондай-ақ өз даму стратегиясын қалыптастыруда жас әзірлеушілерге көмек беру болып табылады. Бұдан басқа, Startup Tour өңірлерде жас дарынды ғалымдар мен әзірлеушілердің, кәсіпкерлердің, инвесторлардың, технопарк, жетекші өңірлік ЖОО және ғылыми институттар өкілдерінің стартап-қоғамдастығын қалыптастыруға жәрдемдеседі», - деді П. Коктышев.

Кездесу аясында Жамбыл политехникалық колледжі базасында тегін семинар-тренингтер, панелді пікірталастар мен шеберлік сыныптары өтті.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар