Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов ХҒС экипажы мүшелерімен өткізілген телеконференция барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
«Менің арманым орындалды, мен Жер орбитасындамын, ауызбіршілігі жарасқан ұжыммен, швейцар сағаты тәрізді жұмыс істеудеміз»,-деді біздің ғарышкер.
Сондай-ақ, Астанада жас ғарышкерлер мектебінде сабақ берген А. Айымбетов балалардың ғарышқа ұшуға деген үлкен тілегі барлығын және олардың арманы іске асуы мүмкін екендігін атап өтті.
«№6 дастарқан» жайлы қойылған сұраққа Айдын Айымбетов қазақтың ұлттық тағамдары, әсіресе, «Жігіт» кеспе сорпасы, ірімшік пен құрт ғарышкерлерге қатты ұнағандығын атап өтті.
Дереккөзі: inform.kz