Ғылыми жаңалықтар

«Ұлттық медициналық холдинг» Білім күніне орай 125 балаға сертификат тапсырды

24.08.2015

5283

«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның барлық еншілес ұйымдары кәсіподақ комитеттерімен бірлесе отырып, «Балаларды мектепке дайындайық» акциясының аясында холдинг қызметкерлерінің балаларына сертификаттар тапсырды.
Акцияға орай, Холдингке қарасты барлық ұйымдардың қызметкерлері арасынан көп балалы отбасылар, болмаса әлеуметтік аз қамтылған отбасылар таңдалған. Холдинг жиналған қаражатты 125 бала арасында бөліп, әрқайсысына 10 000 теңгенің сертификатын тапсырып отыр.

«Келе жатқан Білім күніне орай біздің ұжым «Балаларды мектепке дайындайық!» атты акция аясында көп балалы отбасыларға және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде сертификат тапсырып отыр. Акция аясында 125 балаға 10 000 теңгенің сертификаты беріледі. Бұл ақша әжептәуір көмек болады деп сенемін. Жалпы, шара аясында 1 млн 200 мың теңге жиналды. Енді бұл сертификатқа балалардың ата-аналары өз қалауларына қарап, киім-кешек, болмаса мектеп құралдарын сатып алады»,-деді «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасы Нұржан Отарбаев.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар