Ғылыми жаңалықтар

Ғалымдар адамдарды емдеуге қабілетті 5 жануарды атады

19.08.2015

4680

Ғалымдар адамдарды емдеулері мүмкін хайуандар тізімін тізіп, «шипагер-жануарлар» бестігін анықтады. Бұл туралы ufatime.ru хабарлады.

Зерттеушілердің пайымдарына қарағанда, көшті мысықтар, иттер, жылқылар, аралар мен жыландар бастайды.

Зерттеу жұмыстарын жүргізуге әлемнің түкпір-түкпіріндегі елдердің ғалымдары қатысқан. Олар сонда мысық тектестердің невроз және депрессия сырқаттарын, сондай-ақ ас қорыту жүйелерін емдеуге қабілетті екендеріне көз жеткізген. Тәжірибе жасаушылар осы ретте мысықтың жанында 20 минут жатқан адамның қан қысымы мен жүрек соғысының қалыпқа келетінін дәлелдейтін айғақтар келтіреді. Ал зерттеу авторлары итті «тірі сканер» деп бағалап отыр. Себебі, төбеттер тіпті жаңа басталып келе жақтан қатерлі ісік ауруларының өзін анықтай алады екен.

Психикалық ауытқушылықтары бар кісілердің жылқыны көбірек пайдаланғандары абзал. Оның үстіне жалаң мінген жандарға осы біраз шипа көрінеді. Атпен серуендеу аутист-балаларға да пайдалы болып шықты.

Жыланның уы мен араның балы медицинада баяғыдан кеңінен қолданылады. Олар көп жағдайда ұмытшақтықпен және невралгиямен ауыратын адамдарға шипа береді. Сол сияқты аяқ-қолдары мен буындары сырқырайтындар, жел-құздары барлар пайдаланады.

Дереккөзі: ras.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар