Ғылыми жаңалықтар

Жүректің «ашық сопақ терезесін» жабу бойынша жаңа кіші-инвазивті ота

19.08.2015

4716

16 және 17 маусымда «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ базасында орталық мамандары профессор Anthony A. Nobles және дәрігер Michael Mullen бірігіп, жүрек-тамыр тісітерін салуға арналған арнайы қондырғының көмегімен жүректің «ашық сопақ терезесін» жабу бойынша ота жүргізді.

Ашық сопақ терезенің кең таралуы жалпы популяция кезінде 25% жетеді, бірақ оны аталған ақау криптогенді ми қан айналым жүйесінің жіті бұзылуына (МҚЖЖБ) алып келген адамдардың отасы кезінде жабады. Бұл келешекте инсультты болдырмау мақсатында жүргізіледі. Белгісіз этиологиядағы инсульты бар пациенттреде (криптогенді инсульттер) ашық сопақ терезенің кездесу жиілігі (АСТ) әлде қайда жоғары екендігі дәлелденді – шамамен 40%. Соңғы он жылдықта арнайы окклюдерлерді (жамаудың ролінде қолданылатын медициналық қондырғылар)қолдану арқылы тері арқылы қол жеткізумен АСТ жабу мүмкін болды. Окклюдерді орнату ірі тамыр арқылы жүрек кеңістігіне қол жеткізу арқылы жүргізілді және кең ауқымдағы жарақатты оталарды қажет етпейді.
АСТ бар үш пациентке визуальды ангиографиялық бақылаумен малоинвазивті араласуды жүргізді. Осындай араласудың айрықша ерекшелігі отаны жүргізу кезінде «жабушы» материал ретінде окклюдер емес, NobleStitch EL арнайы қондырғысының көмегімен полипропиленді хирургиялық жіптер пайдаланылды. АСТ ашық ота кезінде де қолданылады, бірақ жүрек катетеризациясының станарры тәсілдерін қолдану арқылы.

Ота жүргізген профессор Anthony A. Nobles (АҚШ) АҚШ-та, Ұлыбританияда және Батыс Еуропаның өзге де елдерінде интервенциялы кардиологияда қолданылатын көптеген құралдар сияқты, аталған құралды ойлап шығарушы. Қазіргі уақытта өзінің зерттемесін Астанадағы Назарбаев университетімен бірге жалғастыруда. Дәрігер Michael Mullen, Тhe Heart Hospital, University College (Лондон) алдыңғы қатардағы интервенционды кардиологы, ҰҒКО интервенционды кардиологии бөлімінің басшысы Серик Алимбаев пен алдыңғы қатардағы маман Сауле Кадированың эксклюзивті отаны жүргізу кезіндегі қазақстандық әріптестерінің жоғарғы кәсібилігін жоғары бағалады.
Сауле Кадирова: «Біз бұл технологияның Қазақстанға келгеніне қуанышытымыз. Дәрігер M.Mullenжәне хиургтар үшін осы бір ыңғайлы құралды ойлап шығарған профессор A.Nobles жүргізген оталардан көп нәрселерді үйрендім. Енді осындай алдыңғы қатардағы озық тәжірибені қолдану арқылы қазақстандықтарды да емдей аламыз».
ҰҒКО өткізілген отаның бірегейлігі АСТ артықшылығы мен эндоваскулярлы қол жетімдікті үйлестіреді және ашық отадағы сияқты, хирургиялық тігіу материалы арқылы жүрек ақауларының шеттерін тарту арқылы жояды. Бұл NobleStitchEL жүрек-тамыр тігісін салу арқылы арнайы қондырғына қолдану арқылы жүзеге асырылады, осының арқасында пациенттің жүрегінде бөтен зат болмайды (тек қана тісіу материалы), сәйкесінше олардың орын ауысуы, жара, аллергиялық реакция, сондай-ақ инсультке алып келетін қанның ұйығы болмайды. Сонымен қатар отадан кейін антикоагулянтты немесе өзге де дәрілік терапияны жүргізу қажет емес.
Шетелдік әріптестер ҰҒКО ашылған сәттен бастап, кардиохирургиялықсырқаттары бар пациенттердіемдеуүшін жаңа технологиялар мен ғылыми әдістемелерді енгузі бойынша алдыңғы қатардағы Орталық болып табылады деді. АСТ жаңа хирургиялық емдеу тәсілін енгізу тағы да бір рет Орталық мамандарының өз дағдыларын жітілдіруге және әлемдегі ең жақсы әзірлемемелерді үйренуін растайды.

Дереккөзі: nmh.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар