Жуырда АҚШ-тың Флорида штатының ғалымдары зерттеу жүргізіп, нәтижесінде қарбыздың қан қысымын қалыпқа келтіретінін анықтады, деп хабарлайды Ladyportal.
Зерттеу нәтижелері туралы сараптама жүргізген жетекші мамандар айтып берген. Олар 6 апта бойы 10 еріктінің жалпы денсаулығы мен қан қысымын тексеріп отырған. Зерттеуге қатысушыларға күн сайын қарбыз экстракты беріліп отырған.
Нәтижесінде аталған экстрактіні қабылдағандардың қан тамырларының күйі жақсарып, гипертония дертінен айыққан. Соның арқасында олардың жүрек-қан тамыры ауруларына шалдығу қатері азайған. Демек, қарбыздың құрамындағы заттар қан тамырларын кеңейтеді.
Жеміс құрамындағы L-citrulline деп аталатын маңызды компонент гипертония мен жүрек ауруларының алдын алады.
Сондай-ақ, қарбыз адам бойындағы холестиринді шығарады, бұл жүрек-қантамырлары ауруларына шалдыққандарға пайдалы. Қарбыздың ерекшелігі сол, оның шырынында табиғи қышқылдар мен тұздар болмайды. Бұл оның басқа жеміс-жидектерден бірден-бір артықшылығы.Сондықтан дәрігерлер бүйрегіне тас байланған жандарға осы жемісті жеуге кеңес береді. Қуықтың қабынуы, бүйректің қабынуы кезінде қарбызды көбірек пайдаланған жөн. Мамандар күніне тәтті жемістің кем дегенде 2 келісін жеуді ұсынады. Ол қаназдықты емдеуде де жақсы көмекші бола алады.
Дереккөзі: baq.kz