Ғылыми жаңалықтар

Ғалымдар темекі тастауға жәрдемдесетін бактерияны тапты

10.08.2015

4676

Калифорниялық (АҚШ) Скриппс институының ғалымдары темекі тастауға жәрдемдесетін бактерия тапты, деп хабарлады "Российская газета".

Pseudomonas putida бактериясының ағзасында никотинді әлсіретуге жауапты NicA2 арнайы ферменті бар.

Зерттеу ферментті зертхана жағдайында алуға болатынын көрсетті. Никотинді жұтқан кезде бактерия оны толықтай ыдыратып жібереді. Ғалымдар фермент негізінде болашақта темекіні тастауға жәрдемдесетін препарат әзірлеуді жоспарлауда.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар