Ғылыми жаңалықтар

Еліміз донорлық бойынша Ресей, Германия елдерімен бірлесе жұмыс істемек

05.08.2015

4818

2015 жылы Трансфузиология ғылыми-өндіріс орталығы мен академик И. П. Павлов атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық университеті өзара ынтымақтастық меморандумына қол қоймақ.

Мақсат онкогематологиялық науқастардың өмірін құтқаруда қолданылатын гемопоэтикалық бастауыш жасушаларын трансплантациялауды дамыту жұмыстарын қарқынды іске асыру. Бұл туралы бүгін «Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау» республикалық қоғамдық бірлестігінде өткен жиын барысында Трансфузиология ғылыми-өндіріс орталығының ұлттық тіркелімінің жетекшісі Дулат Махамбетұлы мәлім етті.

Жетекшінің айтуынша, Қазақстанда сүйек кемігі донорлығы кенжелеп тұр. Республика бойынша онкогематологиялық науқастардың өмірін құтқару үшін өз келісімдерін берген 500 донор бар. Алайда бұл көрсеткіш жеткіліксіз екендігін айтады.
«Ұлттық тіркелім 2011 жылы ғана құрылған. Көптеген науқастар донорлық қанға әрдайым мұқтаж. Қазақстан бойынша сүйек кемігі донорлығы кенжелеп тұр. Осы тұрғыда өзге шетелдік әріптестермен өзара келісім жүргізіп жатырмыз. 2015 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық университетімен өзара ынтықмақстық келісімне отырмақпыз. Одан бөлек Германиядағы әріптестермен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Жылына көмекке мұқтаж 300 науқас бар.Біз оларды толықтай қамти алмай отымыз. Алайда шетелдік әріптестер көмегімен алдағы бес жылдықта бұл межені бағындырамыз, отандастарымыз ауырмайтын болады» деп атап өтті Дулат Имашпаев.

Д. Имашевтің сөзінше, 18 бен 55 жас аралығында Қазақстан азаматы донор бола алады. Тек қан беруші 6 ай ішінде татуировка мен пирсинг салдырмаған, кездейсоқ жыныстық қатынастарға түспеген, әрі ЖИТС, туберкулез, сифилис және гапатит B, C ауруларына шалдықпаған болуы тиіс.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар