Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына Африка елдерінен қонақтар келді. Орталықтың стратегиялық дамыту жөніндегі директоры Алтыншаш Жақсыбаева қонақтарды емхана көрсететін қызметтермен таныстып, оларға арналған экскурсия ұйыдастырды.
Шілденің 20-31 күндері аралығында Назарбаев Университетінде Африка құрлығынан келген мамандарға арналған қоғамдык денсаулық сақтау жүйесі бойынша халықаралық семинар өтіп жатыр. Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana жекеменшік мекемесінде Өмір туралы ғылымдар орталығының ғалымдары эпидемиология, биомедицина және қоғамдық денсаулық сақтау бойынша 8 Африка елдерінің 24 маманын оқытып жатыр.
Аталған шара БҰҰ Қазақстандағы Даму Бағдарламасының «Жас мамандарды даярлау арқылы Африка, Тынық мұхиттық және Кариб өкілдеріне техникалық көмек көрсету» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Семинардың мақсаты - эпидемиология, биомедициналық және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жүйелі теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды меңгеру. Бұл семинарға Назарбаев Университетінің «National Laboratory Astana» жекеменшік мекеменің жетекші профессорлары мен докторлары дәрістер курсы мен практикалық сабақтарын ұсынады. Семинар корытындылары бойынша қатысушылар алған білімдерін және дағдыларын өз елдерінде қолдана алады.
Семинардың салтанатты ашылуы рәсіміне ҚР Сырткы Істер Министрлігінің мен Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының өкілдері және Ботсвана, Эритрея, Эфиопия, Кения, Малави, Свазиленд, Танзания и Зимбабве елдерінің студенттері қатысты.
Жақсыбай Жұмаділов, Өмір туралы ғылымдар орталығының директоры былай деді: «Біз алғашқы рет шетелдік өкілдері үшін семинар-тренинг өткізіп отырмыз. Әлемдік денсаулық сақтаудың казіргі заманғы талаптарын есепке ала отырып, Өмір туралы ғылымдар орталығының оқытушылары эпидемиология, биомедициналық және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өз білімдері мен тәжірибелерімен бөліседі».
Дереккөзі: nmh.kz