Ғылыми жаңалықтар

Білім беру жүйесіндегі мәселелер талқыланды

24.07.2015

4228

Университетіміздің әкімшілік ғимаратында Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Сансызбай Жолдасбаевпен кездесу болып өтті. Оқу ордамыз ұйымдастырып отырған кездесуге Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының директоры, қаламыздың өзге де білім беру мекемелерінің педагогтері қатысты. Кездесу барысында Ұлт жоспары – «100 нақты қадамның» «Біртектілік пен бірлік» бағыты, яғни, 85-90 қадамдар талданды. Ал қатысушы тарап өкілдері Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан және атқарылатын жұмыстар жайлы баян етті. Сондай-ақ, білім беру сферасындағы бірқатар өзекті мәселелер де тілге тиек етілді. Мәселен, мектеп оқушылары ағылшын тілін еркін сөйлей алу үшін ол пәннен оқулықтарды ауыстыру жөн болатындығы, мұғалімдердің өздері сол тіл өкілдерімен әлі де кездеспегендігі жайлы; педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттердің іс-тәжірибелік сағат сандары ыңғайын өзгерту қажеттілігі мен БАО-ның әдіскерлерге дәреже беру және олардың жалақыларын өсіріп мәселелері баса айтылды.

Кездесу соңында Сансызбай Елеусізұлы педагогтеріміздің кәсіби біліктіліктеріне риза екендігін жеткізді:

- Өз кәсіптеріңіздің білгірлері екендікутеріңіз бірден байқалып тұр. Мамандықтарыңызға адалдықтарыңыз үшін сіздерге дән ризамын. Өңірлерімізде бұндай кадрлер жұмыс істеп жатқандығын біліп, мемелекетіміздің білім беру жүйесіне алаңдамай-ақ қоюға болады, - деді.

Дереккөзі:

«« | »»
Соңғы жаңалықтар