2015 жылы 13 шілде күні Қазақ агротехникалық университетіне Қазақстан Республикасындағы Нидерланд патшалығының делегациясы Елші Ханс Дриссер және елші көмекшісі Ляззат Тұрсымбаева құрамында келді. Стратегиялық жоспарлау, ғылым және халықаралық ынтымақтастық бойынша Басқарма төрағасының орынбасары С.В.Могильный делегацияны қабылдады. С.А.Мейрамова және делегация мүшелері іс-шараға қатысты.
Кездесу барысында Нидерланд университеттері және ғылыми орталықтарымен мүмкін ынтымақтастық сұрақтары талқыланды. Басқарма төрағасының орынбасары С.В.Могильный университет қызметі, білім және ғылым саласында дамыту бағыты туралы айтты.
Ханс Дриссер Вагенинген университетімен (Вагенинген қ., Нидерланд) ынтымақтастық туралы сұрақтар қойды. С.В.Могильный ҚазАТУ Вагенинген университетімен ынтымақтастықты дамытудың себебі аталған университет ауыл шаруашылығын зерттеу бойынша бірінші орынды және оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша екінші орынды алатыны жөнінде айтты. Сонымен қатар, ынтымақтастық барысында Вагенинген университетінде ПОҚ тағылымдама өтуі, ҚазАТУ дәрістер өткізуге оқытушыларды шақыру, ауыл шаруашылығын механикаландыру және мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі салаларында ынтымақтастықты дамыту жоспарлануда.
Бұдан басқа, делегация энергетикалық факультеттің зертханасына, "Биотехнология" ғылыми-зерттеу институтына, Қазақ-Беларус инженерлік кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығына барды.
Дереккөзі: kazatu.kz