Ғылыми жаңалықтар

Мәскеуде Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшуға даярлығы туралы Қазақстан-Ресей келіссөздері өтті

17.07.2015

5019

ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев қазақстандық ғалымдар - «Ұлттық ғарыштық зерттеу және технологиялар орталығы» АҚ өкілдерімен бірге Мәскеуде жұмыс сапарымен жүр.
«Қазғарыш басшысы Роскосмос басшысы Игорь Комаровпен кездесу уақытында 2015 жылғы 1 қыркүйекке белгіленген ХҒС-ға ҚР зерттеуші ұшқышы Айдын Айымбетовті ұшырудың ұйымдастыру-техникалық мәселелерін талқылады», - деп хабарлады ҚР ИДМ АҒК баспасөз қызметінен біздің агенттікке.

Сондай-ақ ресейлік әріптестермен қазақстандық ғарышкердің ғылыми бағдарламасына түзету жүргізілуде. А. Айымбетовті ғарышқа ұшыру ұлттық бағдарламасының қазақстандық ғалым-әзірлеушілер тобын «Ұлттық ғарыштық зерттеу және технологиялар орталығы» АҚ президенті, профессор Жұмабек Жантаев басқарады.

Осымен бірге осы жұмыс сапары аясында Қазғарыш басшысы аты аңызға айналған америкалық астронавт Томас Стаффордтың қатысуымен «Союз-Аполлон» экспериментальдық ғарыш ұшырылымының 40-жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысқаны хабарланады.

Тарихи оқиға құрметіне, халықаралық ғарышқа қосқан үлесі үшін Т. Мұсабаев Кемеров облысының губернаторы Аман Тулеевтің «Алексей Леонов» күміс медалімен марапатталды. Ерекше награданы КСРО-ның аты аңызға айналған космонавт ұшқышы Алексей Леоновтың өзі табыстады.

Мұндай медальдарды кеңестік космонавттар Георгий Гречко, Алексей Елиссевтер алған, - деп атап өтті Қазғарыш баспасөз қызметі.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар