Павлодарда химия пәнінен Ә. Бектұров атындағы I халықаралық олимпиада басталды
    Павлодарда мектеп оқушылары арасында Ә. Бектұров атындағы I химия пәнінен халықаралық олимпиада басталды, деп хабарлады қалалық білім басқармасының маманы Балжан Әділханова. 
Қалада Қазақстанның 12 ауданы мен РФ Омбы және Новосібір қалаларынан 46 оқушы келді. Олимпиаданың бірінші күнінде облыс мектептеріндегі биология мен химия пәнінің мұғалімдеріне арналған семинар ұйымдастырылып, оны В.Н. Каразин атындағы Харьков Ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері, қазылар алқасының мүшесі Алексей Григорович пен биохимия саласының маманы, «Соняшник» Харьков шығармашылық бірлестігінің ғылыми әдістемелік қызметінің жетекшісі Руслан Шаламов өткізді.
 Ертең қатысушылар тәжірибелік кезеңде бақ сынасады. Ал кешке жеңімпаздардың есімі белгілі болады. 
 Ә. Бектұров атындағы I халықаралық олимпиаданы Павлодар облыстық білім беру басқармасы, «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы Инновациялық Еуразиялық университетінің қолдауымен өткізіп отыр.
 
Дереккөзі: inform.kz