Ғылыми жаңалықтар

ҚР БҒМ Қазақстандағы мектепке дейінгі білім берудің стандартын өзгертуде

27.03.2015

4412

ҚР Білім және ғылым министрлігі Назарбаев Зияткерлік мектептерімен бірлесе мектепке дейінгі білім беру жаңа стандартының жобасын әзірлеуде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР БҒМ Мектепке дейінгі, орта білім және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, осының нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының мазмұны жаңартылады. Мектеп алдындағы сыныптар мектепке дейінгі білім беруге жатқызылатынына тоқталған Ж. Жонтаева, осы орайда мектеп алдындағы (5-6 жастағы балалар) дайындықпен қамтылған балалардың үлесі 99,6 пайызды құрап отырғандығын жеткізді.

Атап айтқанда, жаңа стандарт Қазақстанның түрлі облыстарындаңы 30 мектепке қанатқақты жоба ретінде енгізіледі. Білім және ғылым министрлігі мектеп алдындағы сыныптардың білім беру бағдарламаларын сынақтан өткізуді 2015/2016 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастамақ.


Источник: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар