Ғылыми жаңалықтар

Кометаның суы жердің суынан ерекешеленеді - зерттеушілер

12.12.2014

5321

Чурюмова-Герасименко кометасының суы құрамы бойынша жердің суынан ерекшеленеді, делінген Еуропалық ғарыш агенттігінің (ЕҒА) сайтында. Осылайша, жердің суы кометалардың құлауынан пайда болды деген теория расталмады, деп хабарлайды Newsru.com.
Ғалымдардың айтуынша, кометаның су буының құрамындағы ауыр сутегінің үлесі немесе дейтерия жер суы құрамындағы үлестен біршама асады.

«Бұл жердің суы кометалардың құлауынан пайда болды деген фактіні жоққа шығарады», - деп жазады The New York Times газеті.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар