Ғылыми жаңалықтар

Қазақстандық студенттер арасында АҚШ-та ғылыми тағылымдамадан өтуге байқау жарияланды

08.12.2014

5246

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстанның ғылым және мемлекет қайраткері, академик Шахмардан Есенов атындағы (SHAKHMARDAN YESSENOV) ғылым-білім қоры АҚШ зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өтуге грант бөлінуіне байқау жариялағанын хабарлайды, делінген аталмыш комитеттің хабарламасында.
SHAKHMARDAN YESSENOV ғылым-білім қоры қазақстандық ЖОО-лардың техникалық және жаратылыстану ғылымдары мамандықтарының 2-3-курстарында оқитын студенттер мен ҚР азаматтары арасында АҚШ зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өтуге 10 гранттың бөлінуіне байқау жариялайды.

Оған ғылыми-жаратылыстану немесе техникалық мамандықтар бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының 2, 3 курс студенттері қатыса алады. Ол үшін бұл жастардың осы салада ғылыми жобалары мен айрықша жетістіктер болуы тиіс.

Байқауға қатысуға ниет білдірушілер бағдарламаға қатысу өтінімін толтырып, құжаттарын Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 36 (f.yessenov@gmail.com, www.yessenovfoundation.org) мекенжайындағы қор кеңсесіне 10 желтоқсанға дейін тапсырулары қажет.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар