Ғылыми жаңалықтар

Қарағандылық ЖОО түлегі Ресей Президентінің шәкіртақысына лайық деп танылды

08.12.2014

5384

Ресей Федерациясының Білім және ғылым мнистрлігі 2014-2015 оқу жылында студенттер мен магистранттарға Ресей Президентінің шәкіртақысын тағайындау бойынша үміткерлерді таңдау нәтижелерін шығарды.
Аталмыш шәкіртақыға оқудағы және ғылыми зерттеулердегі жетістіктері үшін қазіргі таңда Санкт-Петербор мемлекеттік университетінде білім алып жатқан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі Мұрат Мәкенов лайық деп танылды.

Мұрат Мәкенов ҚарМТУ-дің «кәсіпорын экономикасы» кафедрасын «бағалау» мамандығы бойынша 2013 жылы тәмамдаған. Қазір ол СПбМУ-нің екінші курс магистранты.

Қарағандыдағы білім ордасында оқып жүрген кезінде Мұрат Қазақстан Республикасы Президентінің, сонымен қатар Тұңғыш Президент қорының шәкіртақысына ие болған еді.

Жалпы, Ресей бойынша Президент шәкіртақысын 700 студент қана алады (РФ-да барлық студенттер саны 6,5 млн.), осы жылы солардың ішінде ҚарМТУ түлегі де болғаны қуантады, деп хабарлайды аталмыш жоғарғы оқу орнынан.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар