Ғылыми жаңалықтар

ТАРМУ ҒАЛЫМЫНЫҢ ЕҢБЕГІН РЕСЕЙ БАҒАЛАДЫ

05.12.2014

5619

ТарМУ тарихында тұнғыш рет университет ғалымының табыстарын Ресейдің жаратылыстану академиясының Президиумы жоғары бағалады.

Ресейдің жаратылыстану академиясы Президиумының шешімімен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің прфессоры, техника ғылымдарының кандидаты Байтуреев Ағыбай Мамбетұлына Ресейдің жаратылыстану академиясының құрметті ғылым докторы дәрежесі (Doctor of science, Honoris causa) және Ресейдің жаратылыстану академиясының прфессоры ғылыми атағы берілді. Сондай-ақ ол өнертапқыштықты дамытудағы еңбегі үшін А.Нобель атындағы медальмен және Отандық ғылымды дамытудағы жетістіктері үшін В.И. Вернадский атындағы медальмен марапатталды. Сонымен қатар, ғалымға Президиум шешімімен «Ғылым мен білімнің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы берілді.

Оның өмірінің негізгі кезеңдері университеттің ғылыми және педагогикалық қызметімен байланысты. Ол факультеттің, кафедраның қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Ертеректе ол Қазақстан Республикасының білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы жеткен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

2013 жылы «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Ұлт қолбасшысы» қоры жанындағы жас ғалымдардың кеңесі «Болашақтың ғалымдары» атты жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық ғылымдар бойынша студенттердің үздік жұмысы бойынша Республикалық байқаудың жеңімпазы Рысалыұлы Дастанның ғылыми жетекшісі, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың профессоры А.М. Байтуреевке алғыс білдірді.

Ағыбай Мәмбетұлы «Экология», «Барабанды кептіру агрегаттарындағы үдерістердің интенсификациясы» мәселелерін ғылыми зерттеу жұмыстарымен 30 жылдан астам уақыт бойы айналысуда. Бұл зерттеулер де жетекші жеңіл және тоқыма кәсіпорындарының жоғары бағасын алды.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері Қазақстан, Ресей (Санкт-Петербург, Мәскеу), Қырғызстан, Чехия, Болгария, Польша елдерінде өткен халықаралық конференцияларда, симпозиумдарда, семинарларда, өндірістік кеңестерде баяндалып, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан басымылдарында да жарияланған.

ТарМУ-дағы еңбек еткен жылдары ішінде А. Байтуреевтің 170- тен аса ғылыми еңбектері мен инженерлік зерттемелері жарияланған, оның ішінде 2 монография, 3 оқу құралы, 2 әдістемелік, 5 ғылыми-көпшілік брошюралар бар. КСРО-ның 2 авторлық куәлігі, Қазақстан Республикасының 20 дан аса алдын-ала және инновациялық патенттері алынған.

Байтуреев Ағыбай Мамбетұлын ғылыми еңбегі мен жетістіктері шетелде танылып жатқанымен құттықтай отыра, ғалымға жаңа шығармашылық табыс тілейміз!

Дереккөзі: tarsu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар