Ғылыми жаңалықтар

Әйгілі математик өмірден озды

17.11.2014

6888

Әйгілі француз математигі Александр Гротендик (Alexander Grothendieck) өмірден озды. Ғалым 86 жасында Сен-Жирон қаласының ауруханасында қайтыс болды, деп хабарлайды Lenta.ru Францияның Le Monde басылымына сілтеме жасап.
Гротендик математиканың көптеген саласындағы революциялық еңбектерімен танымал. Олар арқылы математиканың даму жолы ондаған жылдарға анықталды. Ғалым еңбектерін Николя Бурбаки лақап атымен жариялаған математикатер тобына кірген. Олардың еңбектері жиынтық теориясын пайдалана отырып, аксиоматикалық негіздегі математиканы құру мақсатын көздеген.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар