Н. Степаненко: «Нұрлы жол» - әр студенттің жеке даму жоспары
Ақтөбеде С. Бәйішев атындағы университеттің студенттері мен оқытушылар құрамы Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын талқылады.
"Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын келешектегі даму жоспары ретінде қабылдадық. Қазақстан Республикасы - қуатты экономикалық мемлекет, алайда әлем бір орнында тұрмайды, қашанда бәсекеге қабілетті болуымыз қажет.
Білім саласының қызметкерлері ретінде республиканың бәсекеге қабілеттілігінің қуатты негізін қамтамасыз етуге тырысамыз, атап айтқанда, жоғары білікті мамандар даярлаймыз", - деп атап өтті ЖОО аға оқытушысы, ғылым кандидаты Надежда Степаненко.
Жолдаудың басым бағыттарының бірі - Қазақстан инфрақұрылымын дамыту, жолдар салу.
«Инфрақұрылымды дамыту елге қосымша экономикалық мүмкіндіктер тудырады, ал біздің университеттегі көлік саласындағы түлектер үшін жұмыс орны пайда болады. «Нұрлы Жол» әр студенттің, оқытушының жеке даму жоспары, біздің ЖОО-ның да одан әрі даму жоспары деп санаймын.
Бұдан басқа, бүгінде елде енгізілген дуалдық білім беру жүйесі ЖОО түлектерін жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Ол студенттердің кәсіби даярлығына байланысты, себебі елге кәсіби, білікті мамандар қажет», - деп қосты Н.Степаненко.
Дереккөзі: inform.kz