Ғылыми жаңалықтар

ОҚО-да «Оңтүстік инновация» байқауы өтуде

30.10.2014

6365

Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік инновация» байқауы өтуде. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Қаюпова Bnews.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.
Баян Қаюпованың айтуынша, байқауды «Шымкент инновация» ЖШС және М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұйымдастырған. Байқауға 15 жастан 30 жасқа дейінгі жас дарынды ғалымдар мен өнертапқыштар шақырылуда. Тақырыбы − «Ақпараттық технология инновациясы».

«Байқаудың басты мақсаты – облыс жастарының инновациялық жобаларын іске асыруына, жас ғалымдарды, дарынды өнертапқыштар мен болашақ кәсіпкерлерді тауып, оларға қолдау көрсету, әлеуетті инноваторлар мен инновациялық жобаларды жасаушыларды бизнес-жоспарлауға оқыту», − дейді ол.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, жеңімпаздар бағалы жүлделер мен ақшалай сыйақылармен марапатталады. Бастысы, дайындалған жобалардың іске асырылуына қажетті қолдау мен көмек көрсетіледі.

«Сәтті шыққан жоба иелері 3 миллион теңге шамасындығы мемлекеттік грант жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады», − дейді Баян Қаюпова.

Оның айтуынша, өтінімдер қазан айының соңына дейін қабылданады.
Дилара РЫСДӘУЛЕТ

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар