Бүгін Астанада «Технологиялық даму Ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесе отырып, жасап шыққан Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі ғылым, технология және инновация салаларындағы халықаралық ынтымақтастық Стратегиясы таныстырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Стратегияны жасау барысында, ең алдымен, әрине, құжаттың міндеті мен мақсатын айқындап алдық. Кейін Қазақстандағы және әлемдегі инновация мен технологиялар жөніндегі бағдарламаларды зерттеп, салыстырдық. Жалпы, бұл құжаттың мақсаты – ғылым мен инновацияны дамытуда ұлттық мүддемізді сақтау. Қазақстанның осы салалардағы бастамаларын әлемге шығару», - дейді осы Стратегияны жасау жобасының жетекшісі Елена Шевченко.
Бүгінгі талқылауға БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның сарапшылары, Кореядағы бағалау және жоспарлау жөніндегі ғылыми және технологиялық институттың өкілдері қатысты.
Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
Дереккөзі: bnews.kz